Тоқтап қалған лифт ішінде босанды
Семей қаласында жүкті әйел тоқтап қалған лифт ішінде босанды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Абай облысы перинаталдық орталықтағы жеделсатының ішінде толғағы қысқан әйелмен бірге тәжірибелі акушерка болған. Жүкті әйелді акушерка тура жеделсаты ішінде босандырып алған.
Лифт ішінде дүниеге келген ұл баланың салмағы 3460 грамм.
Жүкті әйелдерді акушердің сүйемелдеуімен жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінен перзентханаға ауыстыру кезінде осындай жағдай болды. 2-ден 4-ші қабатқа көтеріліп келе жатқан лифт кенет тоқтап қалған. Шұғыл түрде қызмет көрсететін ұйымнан лифтші шақырылды, ол келіп, бірден лифтті жөндеуге кірісті.
Босанған әйел қазір үйіне шығарылған, перинаталдық орталыққа еш шағымы жоқ.
Поделиться
Читать Arbat media в