Тоқаев ШҚО-ның жаңа әкімін қабылдады
Президент Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады, деп хабарлайды Arbat.media.
Қабылдау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді. Оның ішінде азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру, аймақ экономикасын дамыту мәселелеріне назар аударғаны айтылды.
Сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік салаларындағы тұрақты өсімді қамтамасыз етуді тапсырды.
Қ.Тоқаев Қатон-Қарағай, Марқакөл аудандарын қайта құру жөнінде шешім қабылданғанына тоқталып, шекаралас аумақтағы елді мекендерді жүйелі түрде дамыту қажет екенін айтты. Президент облыс әкіміне коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, жылу электр стансаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау жөнінде тапсырма берді, - деп жазылған Ақорда таратқан ақпаратта.
Поделиться
Читать Arbat media в