Новости Казахстана8 марта 2023, 17:38

Тоқаев Қазақстан әйелдерін мерекемен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әйелдерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Arbat.media.

Президент әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, ұлтымыздың дүниетанымында әйелдің орны ерекше екенін атады. Сонымен бірге Қ.Тоқаев сұлулық пен нәзіктік, мейірім мен шапағат – бәрі де әйелдерден бастау алатынын құттықтауында жеткізді. 

Сіздер әлемге жылулық пен жарасым сыйлап, жақын жандарыңызды махаббатқа бөлейсіздер. Аяулы аналарымыз өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, оларды еңбекқор, білімпаз болуға тәрбиелейді. Бүгінде әйелдер қауымының отбасындағы, қоғам өміріндегі және мемлекетті жан-жақты дамыту ісіндегі рөлі орасан зор. Қыз-келіншектер өндірісте, шығармашылық жолында, саясат, бизнес және басқа да көптеген салада биік белестерді бағындырып келеді. Мемлекет гендерлік теңдікті сақтауға, әйелдер құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға әрдайым баса мән береді. Аналарымыз бен аруларымыздың алаңсыз өмірі – ұлтымыздың жарқын болашағының кепілі. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әрдайым көктем күніндей жадырап жүріңіздер, деді құттықтауында президент. 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Құттықтау Мереке Әйелдер

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!