Тоқаев Маңғыстаудағы ауылды жердегі су мәселесін шешуді тапсырды
Тоқаев Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы тұрғынының тұщы су тапшылығына қатысты арыз-шағымын қарады, деп хабарлайды Arbat.media.
Президент Үкімет пен облыс әкімдігіне аталған мәселені мүмкіндігінше қысқа мерзімде шешуді тапсырған. Маңғыстау облысындағы су тапшылығы – ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Мәселен, судың жетіспеушілігі тәулігіне 77 200 текше метрді құрайды. Ауызсудың тапшылығы, әсіресе, жаз мезгілінде қатты байқалады.
Мұнайлы ауданы құрылғалы бері мұнда күрделі жағдай қалыптасты. Қазіргі уақытта «Каспий» су тұшыту зауытындағы істен шыққан сорғы қондырғысының жөнделіп жатқанына байланысты аудандағы су беру мөлшері тәулігіне 13 мың текше метрден 10 мың текше метрге дейін азайған.
Халық санының жыл сайын өсуіне байланысты «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын тәулігіне 20 мың текше метрге арттыру қажет. Бұл ауызсу беру мөлшерін тәулігіне 40 мың текше метрге дейін жеткізуге мүмкіндік бермек.
Енді Үкімет резервінен 5,6 миллиард теңге бөлу жөнінде шешім қабылданып отыр. Мұнайлы ауданын сумен «Маңғыстау жылу» МКК қамтамасыз етеді. Ауызсу тапшылығына байланысты «Маңғыстау жылу» МКК халыққа суды құбыр арқылы кесте бойынша жеткізеді. Сондай-ақ, суды аудан тұрғындарының сұранысы бойынша су таситын көлікпен әкеліп ішіп жүр.