Тоқаев энергетика вице-министрі мен ҚМГ басшысына сөгіс берді
Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайыловты қабылдау барысында энергетика вице-министрі мен ҚМГ басшысына сөгіс жариялады, деп хабарлайды Arbat Media.
Бұл ретте батыс энергия торабының қауіпсіздігіне тиісті деңгейде бақылау жасамағаны үшін энергетика вице-министріне сөгіс беру туралы шешім қабылдаған. Сонымен бірге, "МАЭК» ЖШС, АМӨЗ, «KEGOC» АҚ басшылары мен лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылатыны айтылды.
Ал «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевке мұнай өңдеу зауытының қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету шараларын уақтылы жүзеге асырмағаны үшін шара қолданылып отыр.
Поделиться
Читать Arbat media в