Тоқаев Байденді АҚШ-тың егемендік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың тәуелсіздік күніне орай Джозеф Байденге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Arbat.media.
Ақорданың баспасөз қызметі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ Президенті Джозеф Байденді және Америка халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын жазды.
Президент Қазақстан мен Американың қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергетика, инвестиция тарту, климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің және екі ел халықтары арасындағы қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы өз жеделхатында Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мен өзара байланысын нығайтуға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық саладағы ынтымақтастықтың одан әрі табысты дами беретініне сенім білдірген.