Новости Казахстана5 июля 2023, 19:46

Тоқаев Астанаға қатысты Назарбаевтың еңбегіне лайықты баға беруді атады

Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында Қ.Тоқаев Астананы көшіру геосаяси тұрғыдан өте дұрыс қадам болғанып атап, Назарбаевтың еңбегіне тоқталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Тоқаев Астананың көшіруде Назарбаевтың бастамасы сеп болғанын айрықша атады. 

Елорданы көшіру оңай болған жоқ, қомақты жұмыс істелді. Бұл шешім өте күрделі кезеңде қабылданды. Ел экономикасы тоқырауда болды. Жұрт нарықтық қатынастарға толық бейімделмеген кез еді. Осындай қиын жағдайда Жоғарғы Кеңес Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша Астананы Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл тұрғыда Президент бас қаламыз ресми түрде 1997 жылы 10 желтоқсанда көшірілгенін алға тартты. 

Осыдан 25 жыл бұрын 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Елорданың жылнамасы Тәуелсіз Қазақстанның шежіресімен тығыз астасып жатыр. Шын мәнінде, астананы көшіру геосаяси тұрғыдан өте дұрыс қадам болды. Бұл – халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды және дер кезінде қабылданған тарихи шешім. Тұңғыш Президенттің осы бастамасы жаңа ұлттық идеяға айналды. Бұл шешім еліміздің, халқымыздың ұлттық мүддесіне сай келгеніне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан бәріміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл саладағы еңбегіне лайықты, әділетті баға беруіміз керек. Әділетті Қазақстанда ақты ақ, қараны қара деу қажет, басқа сөзбен айтқанда, ненің шындық, ненің өтірік екенін ажырата білу керек. Бұл – еліміздің болашағына тікелей қатысы бар мәселе, - деді Мемлекет басшысы.

 

Назарбаев Тоқаев Астана

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!