Тоқаев Ақордада Швейцарияның сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Швейцарияның Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассисті қабылдады, деп хабарлайды Arbat.media.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас достық пен ынтымақтастық рухында дамып келе жатқанын атады. Ол Швейцарияның Алматыдағы Құрметті консулдығы қызметінің басталуымен құттықтаған.
Мемлекет басшысы Швейцария Қазақстанның Еуропадағы негізгі саяси, сауда және экономикалық серіктестерінің бірі екенін тілге тиек етті. Бүгінде Швейцария Қазақстанның жетекші 20 сауда серіктесінің қатарына кіріп отыр. Сондай-ақ, Қазақстанға жалпы көлемі 32,5 миллиард доллардан астам инвестиция құйған үш ірі инвестордың бірі саналады.
Біз Қазақстан экономикасының перспективті салаларына инвестиция құюға дайын жаңа швейцариялық компанияларды қолдаймыз. Қазақстан Үкіметі мен Stadler теміржол концерні арасында қол қойылған келісімнің келешегі зор деп ойлаймын. Сондықтан осы мәміленің жүзеге асырылу барысын ерекше қадағалаймыз. Бұл біздің қарым-қатынасымыздың дамуына тың серпін береді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.