Новости Казахстана13 марта 2023, 21:24

Тоқаев әкімдерге дін төңірегіндегі жұмысты күшейтуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Arbat.media.

Басқосуда ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің іске асырылуына және Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, мемлекет басшысы әкімдерге дін төңірегінде жұмыстарды күшейтуді тапсырды. 

Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын, деді Қ.Тоқаев. 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Тапсырма Қоғам Әкімдер

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!