Новости Казахстана18 мая 2023, 21:27

Той үшін несиеге беруге тыйым сала алмаймыз - Қизатов

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов тойға несие алуға тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгінде қазақстандықтар арасында тойға несие алатындар аз емес екені белгілі. Амал жоқ, ата-аналары төлейді, немесе жастардың өздері қарызға батып, қаржылай қиындыққа тап болып жататыны анық дүние.
Мемлекет банктердің ішкі жұмысына араласа алмайды. Тойға несие беруге де тыйым салу мүмкін емес.Тойға несие беруге тыйым салу – банктің ішкі қызметіне араласу деген сөз. Біз қандай да бір несие түрлерін беруге тыйым сала алмаймыз. Адамның бұрынғы қарызы болып, тағы несие алуға барса, ол жағынан шектеу қоюға болады. Ал нақты кредит беруге тыйым салуға заң бойынша құқығымыз жоқ. Бұл – банктің ішкі саясаты. Біз оған араласа алмаймыз, - деді Олжас Қизатов.

той Несие Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!