Теміртау тұрғыны бесінші қабаттан секіріп кете жаздады
Теміртауда полиция қызметкерлері бес қабатты үйдің төбесінен секірмек болған тұрғынды аман алып қалды, деп хабарлайды Arbat.media.
Polisia.kz-тің жазуынша, оқыс оқиға 2 наурыз күні болған. Теміртау қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына 9-ықшам ауданда орналасқан бес қабатты үйдің төбесінде ер адам өз-өзіне қол жұмсап, секірмекші болып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орынына сол маңға жақын қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының жасақтары, құрамында взвод командирі Сүйіндік Имангалиев қызмет инспнекторы Бекболат Сагадиев, сондай-ақ екінші экипаж Нұрлан Серіков пен Рүстем Елеукен жіберілген. Оқиға орынына келген полиция қызметкерлері үйдің төбесінде отырған жасы 35 шамасындағы азаматты байқаған. Үстінде күртесі бар азамат шатырдың шетінде отырып, егер маған жақындасаңдар төбеден секіремін деген.
Мұндай жағдайда ең бастысы адамның көңілін аулап, шұғыл шешімге бармауы үшін әрекет ету басты міндетіміз болды. Сондықтан мен әріптесім екеуіміз одан не болғанын сұрап, қандайда бір көмек керекпе деген сауалдар қойдық. Сөйтсек, ол жолдасымен ұрысып қалғандықтан, осындай шешімге бармақ болған. Біз одан жолдасының телефон нөмірін алып, жолдасымен сөйлесіп, оны кешіргенін және үйіне баруға болатынын айттық, – дейді Сүйіндік Имангалиев.
Тәртіп сақшылары азаматпен сөйлесіп жатқанда қызмет инспекторлары Нұрлан Серік пен Рүстем Елеукен бесінші қабатқа көтерілген.
Төбеде отырып, төменде тұрған әріптестерімізбен сөйлесіп отырған азаматты көрдік. Сосын оған білдіртпей артынан барып, оны ұстап алып, қауіпсіз жерге апардық, – дейді Нұрлан Серік.
Шатырдан секірмен болған қала тұрғынын жерге түсіріп, медициналық тексерістен өткізгеннен кейін оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында ол полиция бөліміне жеткізілген.