Новости Казахстана19 мая 2023, 13:58

Таразда кәмелет жасына толмаған оқушылар арасында жыныстық қатынасқа түсу дерегі жиілеген

Таразда кәмелет жасына толмаған оқушылар арасында жыныстық қатынасқа түсу дерегі көбейген, деп хабарлайды Arbat.media.

Соңғы 5 жыл ішінде өңірде қылмыс саны екі есеге дейін төмендеген. 2023 жыл басынан бері оның көрсеткіші 31 пайызға дейін азайғаны байқалып отыр. 

Алайда жасөспірімдер арасындағы жағдай әлі тұрақты емес. Тараз қаласында 4 ай ішінде 12-14 жас аралығындағы 75 мектеп оқушысы үйінен қашып кетсе, 16 жасқа толмағандар арасында жыныстық қатынасқа түсу дерегі бір жарым  есеге дейін көбейе түскен. 

Тараз қаласының прокуроры Нұржан Боранбаев  үйден қашқан жеткіншектердің 44-і қыз бала болса, қалған 31-і ұл балалар. Қазіргі уақытта Тараз қалалық полиция басқармасының профилактикалық есебінде 161 кәмелетке толмаған жасөспірім тізімге алынған. 

 

Тараз Оқушы Жыныстық қатынас

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!