Новости Казахстана2 марта 2023, 16:24

Таразда жасөсіпірм екі қолмен амандаспаған оқушының қолын сындырды

Таразда қатарласы 13 жасар бала екі қолымен амандаспағаны үшін қолын сынды, деп хабарлайды Arbat.media.

Шектен шыққан оқиға туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі көпшілікке мәлімдеді. Ол жариялаған фотодан оқушының қолының сынғаны анық көрінеді. 

Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 107-бабына сәйкес іс қозғалғанымен бәрі бірден жабылды. Себебі күш көрсеткен бала 14 жасқа толмаған және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Сараптама, жауап алу жүргізілмеген. Тіпті кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін ата-аналарына қатысты ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша материал сотқа жіберілген жоқ, - деді Дина Таңсәрі. 

Қоғам белсендісі зардап шеккен баланы анасы жалғыз тәрбиелеп отырғанын атап, оған тіпті моральдық төлем де берімегенін жеткізді. Шектен шыққан әрекетке барған оқушыны есепке алмаған. 

 Аталған жағдайға қатысты Жамбыл облыстық ПД әзірге түсініктеме берген жоқ. Қазіргі уақытта полиция аталған мәселе туралы анықтау жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады. 

Тараз Бұзақылық Оқушы полиция

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!