Тамара Дүйсеноваға жаңа лауазымдық қызмет жүктелді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды. Енді ол министрмен қатар вице-премьер лауазымын қатар атқармақ, деп хабарлайды Arbat.media.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды», - деп жазылған Жарлықта.
Тамара Дүйсенова бірнеше жылдан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымын атқарып келеді. Оның алдында вице-премьер лауазымын атқарған Алтай Көлгінов бүгін аталған қызметтен босатылды. Әзірге А.Көлгіновтің неліктен жұмыстан кетуінің себебі айтылмады.
Поделиться
Читать Arbat media в