Новости Казахстана26 мая 2023, 15:55

Талдықорғанда "Q-net" қаржы пирамидасын құрған күдіктілерге қатысты тергеу басталды

Талдықорғанда "Q-net" қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Тергеу амалдаорын Жетісу облысыбойынша ҚМА-ның департаменті жүргізіп жатыр. 2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшы тартылып, жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам жеке қаражатын салғаны анықталып отыр. 

Сот барысында күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген.  Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Сондай-ақ, ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Бұған дейін Оралда қаржы пирамидасын құрып, тұрғындардың 120 миллион теңге шығынға ұшыратқан күдіктілер ұсталған еді. Сонымен бірге, Жезқазғанда "MetaGo" жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тарту желеуімен қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар да қолға түсті. Еліміздің қаржылық мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялаған болатын. Бұл ретте Антикор азаматтарға жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауды ұсынып отыр. 

"Q-net" Қаржы пирамидасы Талдықорған

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!