Новости Казахстана14 апреля 2023, 13:37

Талдықорғанда 3 жастағы баланы өлтірген қыз 10 жылға сотталды

2022 жылдың қыркүйек айында Талдықорғанда 3 жастағы баланы "абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" деген айыппен 23 жастағы күдікті қыз 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Arbat.media.

“Күтушісі ұрып өлтірді” деген үш жасар баланың өлімінің мән-жайы қала тұрғындарын алаңдатқан болатын. Кейін қылмыстық іс материалдарында күдікті ретінде күтуші әйелдің өзі емес, оның 23 жастағы қызы екені белгілі болды.

Болған жағдай қоғамда наразылық тудырған, сондықтан тергеу жұмыстары ерекше бақылауға алынды.

Жеңілдететін мән-жайлар – соттылығының жоқтығын, шын жүректен өкінгенін, жәбірленушінің кешірім бергенін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот сотталушыны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сотталушы жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады, – деді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!