Новости Казахстана21 июня 2023, 13:25

Шымкентте жаңадан ашылған қарттар үйін отыздан астам қария паналап отыр

кентШымкентте қараусыз қалған қарияларға арналған қарттар үйі ашылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеді.

Қараусыз қалған қарияларды мемлекеттің қамқорлығына алу мақсатында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты қарттар үйі жұмысын бастады. Қала аумағында орналасқан қарттар үйі кезінде Түркістан облысының балансында қалған болатын. Жаңадан ашылған №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан қазіргі таңда 30-ға жуық қария, оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін 5 мүгедектігі бар қарт пана тапты, - деп жазды басқарма басшысы әлеуметтік желіде. 

50 адамға арналған толық стационарлы мекемеде қариялардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тұрмыстық, медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, мәдени және еңбек терапиясы сынды 7 бағыт бойынша әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі екен.

Тағдыр тауқыметін тартқан қарияларға ерекше мейірімділік және қамқорлықпен қызмет көрсету міндетіміз. Әлеуметтік саланың қызметін жүрекпен қабылдау керек. Сондықтан орталық мамандарына кең пейіл, адал қызмет тілеймін. Қарияларымыздың жағдайы үнемі басқарманың назарында болады, - деді Балмаржан Нарбекова. 

Шымкент Қарттар үйі Әлеумет

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!