Шымкентте 5 адамды 60 млн шығынға батырған әйелге іздеу жарияланды
Шымкенттіктерді 60 млн теңгеге алдап, сан соқтырған әйелді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.
Қала тұрғныдарын сазға отырғызған Азиза Мыңбаева анықталған дерек бойынша 1963 жылы туған. Ол ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша күдікке ілініп отыр.
Күдікті 5 азаматты алдап, 60 млн теңгесін қолды еткен. Сатылатын үйлердің иелеріне ол жылжымайтын мүлік құнының 10-15 пайызын төлеп, сенімхат жазып беруге көндіріп, қалған соманы жақын арада төлеуге уәде берген. Қажетті құжатты алғаннан кейін, ол басқа біреудің мүлкін қайта сатып жіберіп отырған.
Қазіргі уақытта әйел тергеу органдарынан жасырынып жүр. Анықталған дерек бойынша ол бұрын да іздеуде болған көрінеді.

Поделиться
Читать Arbat media в