Шымкент мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстары үшін уақытша жабылады
3-14 шілде аралығында Шымкент мұнай өңдеу зауытының жұмысы катализаторды регенерациялауға және каталитикалық риформинг қондырғысын іске қосу үшін жоспарлы түрде тоқтатылады, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ақпаратты Энергетика министрлігі мәлімдеді. «Регенерация процедурасы SR 1000 риформинг катализаторының белсенділігін қалпына келтіруге және Т-251 шикізат жылу алмастырғышының ақаулығы кезінде (АИ-95 автобензинін өндіруде қолданылады) «халық көп тұтынатын» АИ-92 автобензинін өндіруді сақтауға бағытталған.
Сондай-ақ Т-251 жылу алмастырғышындағы ақау себептерін анықтау және осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС құрылтайшылары – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және CNPC тергеу жүргізіп, іс-қимыл жоспарын әзірлеуде, - деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта.
Шілде айына автобензиннің қажетті мөлшерін сақтау үшін өндірістік жоспарлар құрылған.
Атырау МӨЗ-де – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 20-дан 45 мың тоннаға дейін ұлғайтылды, Аи-92 – 100 мың тоннадан астам деңгейде сақталады. Ал Шымкент МӨЗ-де – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 29 мың тоннаға төмендеді, Аи-92 – 140 мың тоннадан астам деңгейде сақталмақ.