Шығыс Қазақстанда шахтадан жұмысшының денесі табылды
Шығыс Қазақстан облысында Артемьевская» шахтасында жұмысшының денесі табылды, деп хабарлайды Arbat.media.
YK-news жазуынша, қайғылы оқиға 25 наурызда «Артемьевская» шахтасында орын алған. Қазіргі уақытта жұмысшы өлімінің себептерін арнайы комиссия анықтау үстінде.
Әзірге нақты не болғаны әзірше белгісіз. Тек жұмысшы шахтадағы бұрғылаушының көмекшісі болып жұмыс істегені ғана белгілі. Мұндай жағдайларда комиссия құрылады, оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдары, біздің мамандар кіреді. Нақты не болғанын комиссия анықтайды. Тек бір ғана айтарым, адам өлімі топырақтың опырылуына, құлауына немесе басқа да техногендік жайттарға қатысты болмаған, - деді KAZ Minerals тобының корпоративтік байланыс бөлімінің менеджері Ермек Дұзкенев.
KAZ Minerals Тобының басшылығы марқұм жұмысшының отбасына компания тарапынан қажетті көмек көрсететінін жеткізді.