Шығыс Қазақстанда өртенген үйден 3 адамның денесі табылды
Шығыс Қазақстан облысында өртенген үйден 3 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.media.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның 15 наурыз күні Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде болғаның мәлімдеді.
Өрт сөндірушілерді шақырған куәгерлер көпқабатты үйдің 4-қабатындағы пәтерден қою түтін шығып жатқандығын көрген.
Олар оқиға орнына жеткен кезде төргі бөлмеде гі жиһаздар, кілем мен ағаш еден отқа оранып үлгерген. Барлау барысында жатын бөлмеден 1973 және 1975 жылғы ер адамдар мен 1977 жылы туған әйелдің өлі денесі табылды. Өлімнің нақты неден болғаны қазір анықталып жатыр. Аталған жағдайға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалған.
Көп ұзамай жалпы ауданы 4 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Алдын ала дерек бойынша қызыл жалынның шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 4 адам мен 2 техника жұмылдырылды», - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қызылорда облысында өрт кезінде ер адам тілсіз жаудың салдарынан қайтыс болған еді.