Судандағы әскери қақтығыстан қайтыс болғандар 800 адамнан асты
Судан әскері мен жедел әрекет ету күштері (арнайы күштер) арасындағы қақтығыстар салдарынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 833-ке жетті, деп хабарлайды Arbat.media.
El.kz-тің жазуынша, қақтығыс кезінде 3 мыңнан астам жарақат алған. Бұл туралы бейсенбі күні жергілікті дәрігерлер мәлімдеді.
Судандағы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 833-ке дейін өсті, 3329 адам жарақат алды, - делінген дәрігерлер дерегінде.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қақтығыстан 700-ге жуық адам құрбан болғанын және бейбіт тұрғындар арасында 5 мыңнан астам адам зардап шеккенін хабарлаған болатын.
Поделиться
Читать Arbat media в