СҚО: Новоишимда төтенше жағдай жарияланады
Солтүстік Қазақстан облысындағы Новоишим ауылында дүлей дауылдан әлеуметтік нысандар қирап, төтенше жағдай жарияланатын болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ғабит Мүсірепов ауданы Новоишим ауылында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Аманжолов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 23 тамызда туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады», - деп жазылған аудан әкімі Руслан Аңбаевтың шешім-жобасында.
Нысандарға келген шығынды есептеу, залалды өтеу және жөндеу жұмысы жүргізіледі.
Поделиться
Читать Arbat media в