Новости Казахстана26 апреля 2023, 16:03

СҚО-дағы Тереңкөлде балықтардың қырылу дерегі анықталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Тереңкөлде балықтардың ірі мөлшерде қырылу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Arbat.media.  

СҚО экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тереңкөлде балықтар  25 сәуір күні қырылған. Қазіргу уақытта мамандар балықтың өлексесі мен су сынамасын тексеріп жатыр. 

Оқиға орнына экология департаменті, Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Аққайың ауданының ветеринария қызметі мамандары және «НПЦ РХ» ЖШС қызметкерлері келіп, жағдайды бақылауға алған. 

Тереңкөлде мөңке балығы қырылған. Өлген 100 келі балықты жинап, жою жұмысын ұйымдастырдық. Алдын ала болжам бойынша, таяз көл қыста түбіне дейін қатып, су жәндіктері ауа жетпей тұншығып өлген, деді мекеменің өкілдері. 

Тереңкөл көлі Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылының маңында орналасқан. 4,5 км жетпей орналасқан. Көлдің тереңдігі - бар болғаны 1,5 метрден аспайды. Кәсіпшілік балық аулау үшін көл «Зенченко и К» серіктестігіне берілген. Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы көлдерінде 7 мәрте балықтардың қырылу дерегі тіркелді. 

 

Тереңкөл СҚО экология

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!