ШҚО-да сұлулық салонына барған әйел көп ұзамай қайтыс болды
Өскеменде сұлулық салонына барған әйел қадам көп ұзамай қайтыс болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Аталған ақпаратты Өскемен қаласының прокуратурасы растап отыр. Құқық қорғау органының мәліметінше, сұлулық салонына әйел көзіне блефаропластика жасату үшін барғаны анықталды.
"Сұлулық салонына 1962 жылы туған әйел көзіне блефаропластика жасату үшін жүгінген. Лицензиясы мен медициналық және басқа да қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ салон қызметкері жоғарыда аталған процедураны жасаған. Біраз уақыттан кейін әйел жансақтау бөліміне түсіп, сол жерде қайтыс болды, - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел анафилактикалық шок алып, бақиға аттанған. 16 сәуір күні Қылмыстық кодекстің 322-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру басталған.