Новости Казахстана17 марта 2023, 18:55

ШҚО-да пробация есебінде тұрған 100-ге жуық азамат бас бостандығынан айырылды

ШҚО-да 100-ге жуық пробация есебінде тұрған азамат бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша,  Шығыс Қазақстан облысы бойынша пробация қызметінің қызметкерлері жыл басынан бері есепте тұрған 1400-ге жуық сотталғандардың тарапынан көптеген бұзушылықтарды анықталған. Нәтижесінде бүгін күні 100-ге жуық есепте тұрған сотталғандарға қатысты бас бостандығынан айыру жазасын ауыстыру үшін материалдар жиналып, сотқа жіберілді. Сот шешімі негізінде сот залынан қамауға алынып, бас бостандығынан айыру мекемелеріне аттандырылған.

Бұл адамдарға бұрын қызметкерлер жазаны өтеу шарттары бұзылған жағдайда бас бостандығынан айыруға жазаның жеңіл түрін алмастыра алатындығы туралы ескерткен. Алайда, ескертулерге қарамастан, есепте тұрғандар жазаны өтеу шарттарын бұзуды жалғастырған. Қызметкерлер пробация қызметінде есепте тұрған адамдар арасында құқық бұзушылықтардың және жазаны өтеу шарттарының алдын алу және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша тиісті жұмыстар атқарды, – деп атап өтті Солжағалау аудандық пробация қызметінің инспекторы Каим Ожиканов.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы бойыша пробация қызметтерінде 1000 аса тұлға есепте алынған. 

 

ШҚО полиция пробация Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!