Новости Казахстана2 марта 2023, 22:04

Сот шешімін орындамаған Ақтау әкімі айыппұл арқалады

Ақтау қаласының әкіміне заңды күшіне енген сот шешімін орындамағаны үшін ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының  баспасөз қызметі  ЖШС-тің Ақтау қаласының әкіміне қатысты талабы қанағаттандырылғанын жариялады.

Сот шешімімен жауапкердің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартуы заңсыз деп танылып, жердің нысаналы мақсатын өзгертуді, яғни, бір ай ішінде ЖШС-нің пайдасына қолайлы әкімшілік акт қабылдау міндеттелген. Алайда, осы уақытқа дейін сот шешімі орындалмаған, жеткілікті уақыт өтсе де қала әкімі қолайлы әкімшілік акті қабылдауға ешқандай шара қолданбаған. Сот ұйғарымымен Ақтау қаласының әкіміне қатысты 50 АЕК мөлшерінде, яғни 172 500 теңге ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылған, - деді МО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметіндегілер. 

Енді әкім ақшалай өндіріп алуды 5 күн ішінде төлеуі тиіс және сот шешімін 10 күн ішінде орындауы керек. Бұлай істемеген жағдайда ақшалай өндіріп алу 10 АЕК-ке ұлғайтылған мөлшерде қайта қолданылмақ.  

Ақтау Әкім сот Айыппұл

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!