Новости Казахстана31 января 2023, 20:49

Солтүстік Қазақстанда жидек теріп жүрген әйелді атқан аңшыға сот үкімі шықты

Солтүстік Қазақстан облысында жидек теріп жүрген әйелді елікпен шатастырып, абайсызда атып өлтірген аңшыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

Мамлют аудандық сотының мәліметінше, қылмыстық іс ҚК 104-бабының 1-бөлігі, 287-бөлігі 3-бөлігі, яғни абайсызда адам өлтіру және атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, алып жүру бойынша қаралған.

Ер адам оптикалық көздеуіші бар иір ойықты спорттық-аңшылық қаруды және 5,6 мм калибрлі патрондарды заңсыз сатып алып, үйінде сақтағаны тергеу барысында анықталған. 

2022 жылдың 11 маусымында ол ауыл арасындағы жолмен Жамбыл ауданы Бауман стансасына бармақ болады. Жолда бидай алқабында жүрген әйелді елік деп қалып, оны қолындағы мылтығымен атады. Салдарынан әйел иығынан жараланып, кейін сол жарақатынан жазылмай қайтыс болған еді.

Сотталушының кінәсін куәгерлер де растап, жиналған материалдар арқылы да толық дәлелденді. Прокурор ер адамды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрп, зардап шегушілер де бұл жазамен келіскен. 

 

СҚО Аңшы Әйел өлім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!