Сирияда жер сілкісі кезінде түрмедегі содырлар қашып кетті
Сирияда "ДАИШ" діни ұйымының 20-ға жуық содыры жер сілкінісін пайдаланып түрмеден қашып кетті, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 6 ақпанда Сирияның солтүстік-батысындағы Раджу қаласында ДАИШ-тің 20-ға жуық мүшесі түрмеден қашып кеткені белгілі болды.
Түрмеде 2 мың тұтқын қамауда отыр. Олардың 1,3 мыңға жуығы "ДАИШ" ұйымына қатысы бар деген күдікпен қамалған.
Жер сілкінісінен кейін тұтқындар бүлік шығарып, түрменің бір бөлігін басып алды. Түрме ғимаратында қабырғалар мен есіктердің тұсы жарылып кетті", - деді түрік топтары бақылайтын Раджо түрмесінің қызметкері.
Әзірге түрмеден қашқандар ұсталған жоқ.
Бұған дейін Түркия мен Сирияның шекаралар аумағында жойқын түрде жер сілкінісі болғаны айтылды. Ресми дерек бойынша табиғи апаттан қайтыс болғандардың саны жиі өсу үстінде. Зілзала салдарынан Түркияда бірнеше мың адам өлсе, Сирияда мыңға жуық адамның қайтыс болғаны анықталды.