Новости Казахстана21 февраля 2023, 0:12

Сеулде жалған құжат жасады деген күдіктен үш қазақстандық ұсталды

Оңтүстік Кореяда Қазақстанның үш азаматы шетелдіктерге жалған құжат жасады деген күдікпен оларды полиция қамауға алды, деп хабарлайды Arbat.media.

Сеулде жүрген отандастарымыздың қамауға алынғаны туралы ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Олкүдіктілердің екеуі қамауға алынғанын және үшінші азаматтың елден кетпеу туралы қолхатпен бостандыққа жіберілгенін атады. 

Корея Республикасының иммиграциялық билігі ақпаратына сәйкес, 12 ақпан күні Қазақстанның үш азаматы ұсталды. Аталған мәселеге қатысты іс жергілікті прокуратураға жолданған. Азаматтар босқын мәртебесін алуға арналған өтінішке жалған тарих жасау және әлеуметтік желі арқылы шетелдіктерге, оның ішінде Қазақстан азаматтарына жекелеген құжаттарды дайындау күдігіне ілігіп отыр, — деді А.Смадияров.

Күдікке ілінгендердің Корея аумағында тұратын бірнеше шетелдікке босқын мәртебесін беру туралы өтінішті өтірік бергені анықталып отыр. Оңтүстік Кореяның құқық қорғау органдары осы елдің "Жеке мәліметтерді қорғау туралы" заңына сәйкес Қазақстан елшілігіне ұсталғандар туралы жеке мәліметтерді және өзге де ақпараттарды беруден бас тартқан. 

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!