Новости Казахстана26 июня 2023, 18:56

Шетелдік көліктерді заңдастыру шарасы бес күннен кейін аяқталады

Елімізде 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден әкелген автокөліктерді заңдастыру 1 шілдеде аяқталады, деп хабарлайды Arbat.media.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Жамалиев заңдастыру күндері аяқталып келе жатқанына байланысты ХҚКО-ға азаматтар жаппай өздерінің көліктерін заңдастыру үшін жүгініп жатқанын атады. 

Соңғы 10 күн ішінде мегаполистер Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ХҚКО-ға келушілер саны көп екені байқалып отыр. Осыған орай біз ХҚКО жұмысын ұзарттық. Яғни дүйсенбіден жұма күнгі аралығында сағат кешкі сағат 19:30-ға дейін, сондай-ақ дайын құжаттарды беру уақыты 20:30-ға дейін ұзартылды. Ал сенбі күні де жұмыс күні сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді, – деді инспектор Алтынбек Жамалиев.

Аға инспектор көлік құралын заңдастыру белгілі бір уақытты талап ететіндігін айтып өтті. Бірінші шілдеге дейін үлгерген азаматтардың өтініші әрі қарай қарала береді. 

Сол себепті сіздерді сабырлыққа шақырамыз. Уақыт әлі бар. Бүгінгі күні Ресей және Еуроодақтың кез келген елінен әкелінген көлік құралдарын қандай да бір себептермен шеше алмай және есепке қоя алмай жатсаңыздар, ІІМ есепке қою амалын тауып, 1 шілдеден бастап ол көліктерге өтініш қабылдау жұмыстары басталады, – деді А.Жамалиев. 

Биылғы 1 шілдеде осы заңдастыруға өтініштерді қабылдау тоқтатылмақ. Осы уақытқа дейін өтініштерді беріп үлгерген азаматтардың өтініштері әрі қарай қарала береді. 

Автокөлік Армения Заңдастыру

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!