Новости Казахстана28 сентября 2023, 18:00

Шетелден ақша алатындардың мәліметін жариялау туралы

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың мәліметінше, шетелден ақша алып отырған қазақстандықтардың жеке деректері жарияланған жоқ, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жеке адамдардың деректерін жариялаған жоқпыз. Салық төлеуші туралы ақпарат бізге маңызды. Салық төлеуші кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса, бізде салық төлеуші ретінде тіркелсе, салық есептілігін ұсынса, онда 30-бапқа (Салық кодексі) сәйкес салық төлеушілер туралы деректер салық құпиясы саналмайды. Салық төлеушілер туралы мәліметті тек жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) бойынша орналастырамыз.

Ақпарат ведомстволардың сайттарында біраздан бері жарияланып келе жатыр екен. 

2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына өзгеріс жасалып, оған сәйкес мемкірістер комитеті өзінің интернет-ресурсында шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың тізілімін жариялай алады.

Ержан Біржанов Қаржы Шетел мәлімет

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!