Шетелдегі активтерді елге қайтару кезінде Назарбаевтың туыстары да тыс қалмайды
Активтерді елге қайтару туралы заң Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарына қатысты да қолданылмақ, деп хабарлайды Arbat.media.
Еліміздің бас прокурорының орынбасары Ұлан Байжанов бұған қатысты ақпаратты ресми түрде растады.
Заңда субъектілердің нақты талаптары айқындалған. Егер сіз айтқан фамилия (Назарбаевтар), осы отбасының мүшелері осы критерийлерге сәйкес келсе, онда заң оларға қатысты да қолданылады, - деді Байжанов.
Ұлан Байжанов сот шешім шығарған адамдар арасында Назарбаевтың туыстары мен олигархтар бар-жоғы туралы да айтып өтті.
Бізде Қайрат Сатыбалдыға қатысты (Назарбаевтың інісі) қылмыстық іс бар. Қайрат Боранбаевқа (Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы) қатысты аяқталған іс бар. Осы істердің аясында көптеген актив қайтарылды, - деді ол.
Айта кететін жайт, активтерді қайтару кезінде "Панама досьесі" мен өзге дереккөздер де ескерілетіні айтылды.