Новости Казахстана26 сентября 2023, 14:53

«Шешесі ұлының тепкінің астында жүргенін жасырған»: Өгей әкесі бүлдіршінді асқан жауыздықпен өлтірді

Алматыда жазықсыз бүлдіршінді қорлаудың тағы бір жантүршігерлік оқиғасы қоғамды дүр сілкіндірді — өгей әкесі 4 жасар баланы асқан жауыздықпен өлтірген, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы "НеМолчиKZ" қорының негізін қалаушы Дина Таңсари баяндады. Қанды оқиға туралы оған үш адам: өлген бүлдіршіннің әжесі, оның ағасы және бейтаныс адам хабарланған.

Ағайынның айтуынша, қанды оқиға 21 қыркүйекте болған. Бала аяусыз соққыдан комаға түсіп кеткен. Оның бауыры мен ішектері жарылып, 500 мл қанын жоғалтқан. Ал көз жұмған бүлдіршіннің туған анасы баласының өзінің 19 жастағы көңілдесі тарапынан зорлық-зомбылық көріп өмір сүріп жатқанын бәрінен жасырып келген.

Бұл жағдайдың түпкі мәні үлкен ағамның бұрынғы әйелі, яғни баланың анасы баланың зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы бүкіл жайды жасырып келген. Ол баланы жай ғана сырғанақтан құлады деп өтірік айтты. 2023 жылдың 23 қыркүйегінде Тоқтасынова Самалмен бірге тұрып жатқан көңілдесі баланы аяусыз ұрып-соғып, тепкілеген. Осы жәйттен кейін ол жауаптан және полицияның тергеуінен қорқып, жедел жәрдем шақырмаған. Ал баланың шешесі бұл оқиғаны үш күн бойы жасырған. Ақыры байқұс бүлдіршіннің жағдайы нашарлап, хәлі әлі де ауыр. Бүгін 24 қыркүйекте Тоқтасынова Самалдың туған-туыс, достары оны қамаудан босатқанын естіп жатыр. Самал оны қамаудан босатты. Біз, сәбидің туыстары, олардың ойдан шығарып алған өтірік әңгімесіне мүлдем сенбейміз, тіпті сұмдық іске қатысы бар деп күдіктенеміз. Баласын зұлым қанішерден құтқаруға тырыспаған әйелді қорғауға болмайды. Біз, баланың туыстары, бұл оқиғаның шындығы ашылмай қалып, кінәлілер жазасыз қала ма деп уайымдаймыз. Қауіпті қылмыскерлердің бет-бейнесін көбірек адамдар танысын! Соны талап етеміз. Осы іске қатысы бар құзырлы органдардан бұл жәйтті қайта тексеріп, бүкіл қатысы барлардан жауап алуды талап етеміз. Баланың шешесі бірнеше рет жалған куәлік берген, - деп, қорға баланың жақын туысы хабарлады.

Әжесінің айтуынша, оның немересі Хантөрені (2019 жылы туған) келінімен бірге тұратын көңілдесі, оның студенті аяусыз ұрып-соққан. Бұған дейін 26 тамызда немересі телефон соғып, анасының жігіті ұрып жатқанын айтып шағымданған. Бала қазір балалар жансақтау бөлімінде жатыр. Кезекші дәрігер ауруханаға 21.09.23 күні төрт жасар баланың түскенін хабарлады. шешесінің айтуынша, бала сырғанақтан құлаған. Бірақ баланың қазіргі жағдайына қарай сырғанақтан құлау ондай нәтиже бермейді. Қазір: баланың жағдайы ауыр, жүрегі бір рет тоқтап, қайта соққан, көп қан кеткен, бауыры езііліп екіге бөлініп кеткен, ұйқы безі және іш қуысы зақымданған. Бетінде бұрынна қалған көгерген ісіктер бар. Ота жасалды. Өмір сүрмеуі мүмкін. Дәрігерлердің болжамы нашар», - дейді әжесі. 

Әжесі немересінің шешесін қамауға алуды талап етеді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары бүлдіршіннің туыстарының шағымдарына дұрыс жауап бермеген болуы мүмкін.

Шешесінің жігіті қамауға алынды. Әжесі келінін де қамауға алғанын талап етеді. Ол сотта әділдік орнатуды және баланың шешесі мен көңілдесін жазалауды сұрайды. Тамыз айында учаскелік полиция қызметкеріне баланы ұрып-соғып жатқаны туралы арызданған. Тиісті жауап болмады. Жергілікті полиция бұл отбасындағы зорлық-зомбылық туралы білгенімен, ешқандай шара қолданбады деген үлкен қауіп бар, - деп хабарлады қорға белгісіз азамат.

Алматы ІІД мәліметінше, істі Наурызбай ауданы полиция бөлімі ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігімен тергеп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша изоляторға қамалды.

Тергеуді Алматы полиция департаменті басшылығы ерекше бақылауға алды, деп хабарлады ведомстводан.

 

Алматы жауыздық өгей әке бүлдіршін өлімі

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!