Новости Казахстана27 февраля 2023, 16:51

Қайтыс болған Сенат депутатының өліміне қатысты іс қозғалды

Қаңтар айында қайтыс болған Парламент Сенатының депутаты Гүлмира Кәрімованың қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Астана қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Мұратжан Шәкеров мезгілсіз қайтыс болған адам өлімінің дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды, - деді ол.

Қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутат болып сайланған Гүлмира Кәрімова көп ұзамай қайыс болған еді. Сенатор бақилық болғаннан кейін жоғары палата өлім себебін атап, анафилактикалық шоктан өмірден озды деп атанған еді. 

Гүлнәр Кәрімова Сенат депутаты Қоғам өлім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!