Новости Казахстана7 сентября 2023, 16:25

Семейде үш қызды жабылып сабаған. ВИДЕО

Семей қаласында дәмхана маңында қыздарды сабаған күдіктілер анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Семейдегі дәмханалардың біріндегі төбелестің видеосы әлеужеліде тараған.

Онда «8 әйелдің 3 қызды жабылып сабағандары» жайлы жазылған.

Абай облысы ПД төбелеске қатысқандардың аты-жөнін анықтады. 

Аталмыш фактіге қатысты орталық полиция бөлімі ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу бастады. Тәртіп сақшылары жанжалға қатысқан 21-29 жас аралығындағы қала тұрғындарын анықтады. Тергеу толық жүргізіліп, объективтілігі қамтамасыз етіледі», - деді ДП баспасөз қызметі.

Әйелдер арасындағы даудың неден туындағаны әзірге белгісіз.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сай, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жарияланбайды.  
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Семей | Абай облысы | Қазақстан (@semey_city_)

семей қыздар төбелесі Оқыс оқиға полиция

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!