Семейде үйлену той кортежі жол ережесін бұзған
Семейде үйлену тойы кезінде жол ережесін бұзғандар ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Семей полиция басқармасы жедел басқару орталығының камералары үйлену той кортежінің жол ережесін бұзу фактісін анықтады.
«Көлік жүргізушілері әкімшілік кодекстің 5-бабымен, оның ішінде қауіпсіздік белбеуін тағу, жолаушы тасымалдау ережесін, маневр жасау ережесін бұзғаны, апат жағдайын туғызғаны,көлік пайдалану ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды» дейді полициядан. Құқық бұзған адамдарға 16 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 160 989 мың айыппұл салынып, көліктер айып тұрағына қойылды".
Поделиться
Читать Arbat media в