Новости Казахстана7 апреля 2023, 15:29

Семейде тергеуші 14 жастағы қыздың жалаңаш фотосын жариялаған

Семейлік тергеуші зорлық-зомбылықтың құрбаны болған 14 жастағы жасөспірім қыздың жалаңаш фотосын мессенджерде жариялаған. Жәбірленуші тарап тергеуші әділ жазасын алсын дейді, деп хабарлайды Arbat.media

Өткен жылдың желтоқсан айында 14 жастағы қыз 18 жастағы жігіттің арбауына түсіп қалған. Қызды бақытты етуге уәде еткен бозбала арам ойын жүзеге асырған соң, қызды әжуа еткен. Жәбірленушінің айтуынша, қызға ішімдік ішкізіп, киімсіз фотоға түсірген. Бұл оқиғадан соң жасөспірім қыз суицид жасамақ болған. Абырой болғанда ағасы көріп, құтқарып қалыпты.

Бізден хаттамамен алған ұялы телефондағы фотолардың бәрін жариялаған. Оны туыстарымның бәрі көрген. Тергеушінің жариялаған фотосынан скриншот жасап алдық. Мен тергеуші Ақерке Сәкеноваға хабарласып: "Неге бұлай істейсіз? Фотоларды жариялауға сіздің хақыңыз жоқ. Мен ертең прокуратураға барамын" дедім. Ақерке Сәкенова маған "Мне плевать, иди куда хочешь" деді де трубканы лақтыра салды, - дейді Талғат Омарова.

Оның айтуынша, тергеуші жасөспірім қыздың ұялы телефонындағы қылмыстық іске қатысты біраз ақпаратты еш рұқсатсыз өшіріп тастаған. Полиция департаментінің айтуынша, қызметкерге қатысты тергеу жүріп жатыр.

Абай облыстық полиция департаменті қазіргі уақытта тиісті тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын полиция қызметкерінің іс-әрекетіне түбегейлі баға беріледі, - деп хабарлады Семей облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

семей зорлық-зомбылық тергеуші Фото

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!