Семейде тағы орман өртенді
Абай облысында Батпаев орман шаруашылығының аумағында 0,3 га алдын ала алаңда ағаштардың жанып кетті, деп хабарлайды Arbat.media.
Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД-дан 31 адам және 9 бірлік техника, орман шаруашылығынан 28 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылғаны белгілі болды.
Өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб ұйымдастырылдып, елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоғы анықталды.
Төтенше жағдай кезіндегі метеорологиялық жағдай: +34 градус, солтүстік жел 2 м/с құраған.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер өрттің өршуіне жол бермеу және оны сөндіру үшін барлық күштерін салып жатыр.
Поделиться
Читать Arbat media в