Новости Казахстана8 сентября 2023, 15:40

Сарбаздардың 1,4 млрд теңге кредиті кейінге шегерілді

5 мыңнан астам сарбаздың 1,4 млрд теңге кредиті кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мерзімді әскери борышын өтеуге шақырылғандарға кредит демалысын беру істелініп жатқанын ҚР Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы Бауыржан Артықов айтты.

Бауыржан Артықов Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында:

Мерзімді әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыруда  жұмыс атқарылып жатыр. Қазір мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге кредит демалысын ұсынуда  шаралар жүзеге асырылуда. 2022-2023 жылдары 3,2 млрд теңгедей 20 300 кредиті бар сарбаз анықталды. Қазір 8 800 қарыз бен шағын несие бойынша 5 мыңнан астам әскери қызметшінің 1,4 млрд теңгедей төлемі кейінге қалдырылды.

,

ҚР Қарулы күштері сарбаздар кредит әскерилер

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!