Роналду "Реалға" қайта оралуы мүмкін
"Реал Мадридтің" президенті Флорентино Перес Криштиану Роналдуға клубта жұмыс істеу туралы ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.
38 жастағы Роналду жыл басынан бері Сауд Арабиясының "Әл-Наср" команадсы құрамасын толықтырған болатын. Испанияның "Корольдік" клуб президенті Португалия құрамасының үздігіне "Реалға" клубына қайта оралуға қатысты қызмет ұсынған.
Бұл ретте Перес Криштиануға клуб елшісі я болмаса "Реал Мадрид" спорттық ұйымының мүшесі болуды ұсынғаны белгілі болды. Алайда әлем бойынша ең көп еңбекақы алатын Роналдудың саударабиялық "Әл-Насрдан" әзір кетуі екіталай екені рас. Ол осыған дейін азиялық клубтың қатарында жүріп 14 ойында 11 рет гол соқты.
Дегенмен, көпшілік оның спорттық мансабы аяқталған соң к"Реалдағы" қызметке баруы әбден мүмкін екенін болжайды.