Ресей Қырымды аннексиялауды 2008 жылы жоспарлады, ал Донбасқа кіру идеясы 2015 жылы пайда болды - Саакашвили
Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили "Қайраттану" кітабында өзінің президенттік қызмет еткен жылдары туралы айта отырып, Ресейдің посткеңестік елдерге шабуыл жасау жоспары жайлы жазады. Онда саясаткер Путиннің Қырымды аннексиялау жоспары 2008 жылдары белгілі болғаны жайлы тарқатып айтқан, деп хабарлайды Arbat.media.
Автордың өз естеліктерінде Ресейдің Қырымды басып алу жоспарын біліп, уақытында украиналық саясаткерлерге ескерткенін мысалға келтіреді. Алайда Украинаның беделді саясаткерлері грузин басшысының сөзін елемеген. Керісінше, оған қарсы уәж айтып, мүлде мүмкін емес екендігін айтқан.
2014 жылы ақпанда Қырымдағы оқиғалар басталғанда мен еш таңқалмадым. 2008 жылдың өзінде Қырымды аннексиялау қаупі бар екенін айтқанмын. Маған ешкім сенбеді. Бәрі: «Татарлар оған жол бермейді», - десті. Қырымды басып алғаннан кейін, жетекші украин саясаткерлеріне Донбасс болатынын айтып ескерттім. Мұныма олар былай жауап берді: «Оңтүстік Осетия мен Абхазия ешқашан қайтарылмайтынын түсінесің ғой, біз де тура солай Қырымның қайтарылмайтынын білеміз. Сондықтан Батыспен келісеміз: Қырымның орнына, олар бізді НАТО мен Еуроодаққа қабылдайды». Мен қарсылық білдіріп: «Біріншіден, Оңтүстік Осетия мен Абхазия Грузия аумағы емес деп кім айтты сендерге? Біз оларсыз өмір сүре алмаймыз және біз оларды қайтарып аламыз. Біріншіден, Қырымнан ғана айрылдық деп ойламаңдар, одан кейін Донбасс болатыны айдан анық», - дедім. Олар: «Жоқ, Донбаста мұндай болуы мүмкін емес, ол жақтағы украиндер тым салмақты, ол - Қырым емес», - десті, - дейді Михаил Саакашвили.
Михаил Саакашвили Қырымнан бөлек Донбасты басып алу жоспарының 2015 жылдары пайда болғанын ашып жазды. Қырымды басып алуға дайындықтың бірнеше жыл бұрын басталғаны секілді, Донецк мен Луганск облыстарын сеператистер арқылы бөліп алудың маңызын мысалға келтірген.
Менің ойымша, Қырымды басып алу 2015 жылы сайлаудан кейін дайындалды. Менің тәжірибеме сенсек, Путин ештеңені аңдасыз істей алмайды. Ол - жалпы, жылдам адам емес. Күтпеген жағдайдарда ол сасып қалады. Ал Қырымды басып алуға бірнеше жыл дайындық болғаны сөзсіз. 2008 жылы Грузиямен соғысқа да ол тура солай, жақсы әзірленген болатын. Дайындық 2006 жылы, біз БББ-ның бүкіл агентура жүйесін қамауға алған кезде басталған. Путин сол кезде не істерін білмей қатты састы. Ол жұлқынып, бір қатеден кейін екіншісіне ұрынды. Содан кейін отырды да, соғыс жоспарын мұқият жазуды бастады. Мура сола, 2015 жылғы Қырымға сценарий әзірледі. Мәскеу Януковичтің жеңілетінін білді және Украинаның бөлігін ойыннан шығаруды жоспарлады. Донбасқа қатысты кесіп ештеңе айта алмаймын, алайда Қырым сценарийіне қатысты еш күмән жоқ, - дейді ол.
Алайда, Ресей президенті Путиннің сасып қалатын сәтін де жоққа шығармайды. Себебі, қарсы тарап әрекетке көшкенде Путин үнемі тығырыққа тіреледі дейді Саакашвили.
Қайталап айтамын: күтпеген жағдайларда сасып қалу - Путинге тән мінез. Бірақ ол тасада тығылып, күтіп отырады. Бульдог сияқты тістеген жерінен айрылмайды. Ал Донбаста Путин кептеліп қалды. Ал Қырым сценарийі оңай болды, сондықтан да Новороссияда да оңай болады деп ойлады. Донбасқа қатыты жоспары болғанына сенімді емеспін. Ол жақта Путин есебінен жаңылды. Бұл оған өте оңай болып көрінген сияқты. Бірақ ол көп нәрсені ескермеді, малтығып қалды да, қарқыны бәсеңдеді. Украинадан назарды бұру үшін Сирияға бет алды. Әлі де ойынға қатыса алатынын көрсету керек болды, - дейді М.Саакашвили.
Грузияның экс-президенті Саакашвили Донбастағы алғашқы қақтығыстардың шиеленісе беретініне сенімді болған. Автор "Сол кездегі елдің президентің Порошенко келісімге келе аламыз деп ойлады. Ол - жалпы, келісуге бейім адамдардың қатарынан. Негізі, мұнысы дұрыс. Бір жағынан Путин де келісуге келетін сыңай танытқан болуы мүмкін" деген тұспалды алға тартады.
Путин Мариуполь немесе Херсон үшін күресіп отырған жоқ. Оған Киев керек. Грузияда не болғаны оның есінде. Жарты жылдан кейін Еуропа мен Америка санкцияларын алып тастайды. Оған дейін Украинаның экономикасы әбден әлсірейді. Украиндер елді мүшкіл халге батысшыл минитсрлер жеткізгенін есте сақтайды. Еуропаның да сатып кеткенін есте ұстайды. Сол кезде украиналықтар Ресеймен ымыраласып қалуы мүмкін. Путин осы сәтті күтеді, - дейді М.Саакашвили "Қайраттану" кітабында.
Саакашвили Қырымды аннекциялау басталған тұста АҚШ президенті болған Обаманың бір сұхбатында Украинаны Ресей мүддесінің аумағы деп атағанын қынжылыспен еске алады.
Бір жылдан кейін Америкада басқа президент болған кезде айтса, ешқандай қауіп болмас еді. Қарапайым адам не ойласа да, өз еркі емес пе? Ал қазіргі президент айтып отырса, әңгіме басқа, - дейді М.Саакашвили.
Бүгінде Грузияға оралып, қамауға алынған Михаил Саакашвилидің жағдайы мәз емес. Әрі денсаулығы да сыр беріп, қазір аурхана төсегіне танылғанны әлемдік БАҚ үнемі жазып жатыр. Алайда, ол осыдан бірнеше жыл бұрын Украинаның Одесса облысына губернатор болып, өңірдегі жағдайға реформа жасаған еді. Алайда нарықты иемденіп алған монополистер жаңа губернаторға үнемі кедергі келтіріп, ақыр соңында сол кездегі Украина президенті Порошенкомен тіл табысуы да күрделене берді. Кейін ол Украина азаматтығынан айырлып, елден шығарылды. Бертінде Зеленский президент болған шақта Саакашвили Украинаға келген. Алайда ол Грузияға оралу туралы шешім қабылдады.