Өзбекстанда Ресейге тиесілі кәсіпорындар саны көбейіп жатыр
Өзбекстанда Ресей капиталының қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындар саны артып келеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Өзбекстан Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, 2023 жыл 1 наурыздағы дерек бойынша республикада жұмыс істейтін шетелдік капиталдың қатысуымен кәсіпорындар мен ұйымдардың саны 13161 құрады.
Олар қатарында Ресей капиталының қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 2835-ті құрап, бірінші орынға шыққан.
Өзбекстанда шетел капиталының қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны үш мыңға жуықтаса, түрік кәсіпорындарының саны 1806, Қытай 1763, Қазақстан – 988; Оңтүстік Корея кәсіпорындар саны 748 жетіп отыр.
2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында шетел капиталының қатысуымен жаңадан құрылған кәсіпорындардың саны бойынша Ресейге тиесілі 151 кәсіпорын бар. Бұл ретте Қытай 65, Түркия 40, Қазақстан 34 кәсіпорынның негізін қалаған.
Поделиться
Читать Arbat media в