"Ресей мәңгі жасайды": Алматыда мектеп оқушыларын Ресей батырлары туралы фильм көрсетіліміне қалай апарды?
7 желтоқсанда Алматыдағы "Цезарь "кинотеатрында ТМД елдерінің "Еуразия.doc""деректі кино фестивалінің таныстырылымы өтті. Алғашқы көрсетілімде көрермендер үшін "Ресей. Біз 30 жастамыз" деген атаумен көршілес мемлекеттің батырлары туралы туынды көрсетілді.
Бұған дейін қазақстандықтар Украинадағы соғысқа байланысты "Ресей батырлары" туралы фильмдер фестиваліне наразылық білдірген еді. Осы орайда Arbat.медиа тілшісі фестивальдің қалай ашылғанына куә болды.
Фильм көрсетілерден сәл бұрын кинозал бос тұрды. Негізгі орындарда бірнеше бала мен орта жастағы әйелдер ғана отырған еді.
Арада 10 минут өткенде мектеп формасын киген оқушылар залға лек-легімен кіре бастады.
Оқушылар фильмге сынып жетекшісімен келген екен. Айтуларынша аталған "делегация" №132 мектептен арнайы келіпті. Бізге жауапты мұғалімнен шағын сұхбат алудың сәті түсті. Оның сөзінше, бүгінгі көрсетілімге сегізінші сыныптың оқушылары келген. Мұғалім фильм балалар үшін пайдалы болатынына үмітті.
Мұнда 10 адамнан тұратын екі сынып бар. Бізге фестивальге, презентацияға қарау керектігі айтылды. Біз, әсіресе балалар қызықты болады деп үміттенеміз. Мұнда келгендер 8-ші орыс сыныбының оқушылары. Фестивальге гимназия директорынан шақыру келіп түсті, - деді мұғалім.
Фильм аяқталысымен журналистер көрермендер арасынан ерекше әсер алғандардан ой бөлісуді сұрады. Орта жастағы әйел көрсетілген картинаны жылы қабылдағанын алға тартты.
"Мен бүгін ерекше әсерге бөлендім. Фильм мазмұны өте керемет. Фестивальде лауреат атануы бекер емес. Өзім Ресейдің тумасы болғандықтан фильм мен үшін қатты ұнады. Бұл туынды өте қызық адамдар туралы түсірілген. Олардың патриотизм және қазіргі әлем мен Ресейге қосқан үлесі туралы айтылады. Батырлығын асқан мақтанышпен айтуы мені ерекше сезімге бөледі", - деді көрермен әйел.
Сонымен бірге біз "Евразия.doc" кинофестивалінің директоры Валерий Щеховцовқа бірнеше сұрақ қойып үлгердік. Ол фестивальді "Тұран" университеті мен "Цезарь" кинотеатры қолдағанын атап өтті.
Редакция тарапынан қазақстандықтардың аталған фестивальге деген кері көзқарасы, Украинадағы соғыс кезінде Қазақстанда Ресей батырлары туралы фильмдердің көрсетілімі туралы сауал қойдық.
Әркімнің өз пікірі бар және әр адам оны айтуға құқылы. Менің ойымша, Ресей осыған дейін де болды, қазір де бар және алда да жасай береді. Оның әр түрлі және қилы кезеңдерде өз батырлары бар.
Шеховцовтың айтуынша, фильм мәңгілік Ресей туралы ойды көрерменге жеткізген.
Менің ойымша фильм Ресейдің болғанын, алда да жасай беретінін көрсетті. Біз қиын кезеңдерде де өмір сүрдік. Бұл біз бәріміз жеңіске жеткен ұлы отан соғысы, бұл КСРО-ның құрдымға кеткен сәті. Соған қарамастан біз өмір сүрдік. Бұрынғы постсоветтік республикалар қиыншылықпен ауыр кезеңді бастан өткерді. Біз қайтадан еңсемізді тіктейміз. Біз одан да мықты боламыз. Біз осы екі онжылдықта елімізді Одақтан тыс басқаша қалыптастырдық.
Сондай-ақ ол фестивальдің залда отырған мектеп оқушыларына да аса пайдалы екенін айта кетті. Біз одан оқушыларға кадрда көрсетілген жарылыстар, лаңкестік, фильм батырларының Қырымның Ресейге қосылуына қуанышты екеніне қатысты айтқандарына қалай қарайтынын сұрадық.
Фестиваль директоры Қырым Ресей федерациясының бөлігі екенін және бұл елдің конституциясында жазылғанын жеткізді.
Білесіздер ме, әр адамның өмірі болады. Әрине, келіспеушіліктер, пікірталастардың туындауы заңды. Себебі, олар алаңдайды. Біз қиын кезеңдегі қиын өмірді сүріп жатырмыз. Сіздің сұрағыңызға қалай жауап беруге болады? Мен Қырым туралы не айтамын? Ол жақта "референдум" өтті. Қырым халқы өздері таңдаған жолға түсті.
Естеріңізде болса, президент Тоқаев Қазақстанның Оңтүстік Осетияны, ДНР/ЛНР-ді қолдамайтынын ресми түрде мәлімдеген болатын.