Қызылорда облысында 26 киік атқан тұрғын ұсталды
Қызылорда облысында арнайы рейд кезінде өңір тұрғынының үйінің ауласынан қырыққа жуық киік денесі табылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қызылорда облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Арал аудандық Полиция басқармасы және "Охотзоопром" мекемесілері бірлесіп, жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде 37 жастағы аудан тұрғынының үй ауласындағы сарайынан 26 киіктің тұтас еттері табылды.
Арал аудандық ПБ бастығының бірінші орынбасары Қуанышбек Шүкіров аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Яғни, оған киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау бабы бойынша бойынша айып тағылып отыр.
Қазіргі кезде сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.