Қызылордада футбол турнирінде төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді
13 сәуір күні облыс орталығындағы мектептердің бірінде футбол алаңында төбелес болды, қатысқандар полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.media.
Аталған дерек Қызылорда қалалық ПБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 293 - бабы бойынша тіркеліп, тергеу жүргізілуде.
Мән - жайларды анықтау мақсатында төбелеске қатысушылар полицияға жеткізілді.
Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, қатысушылар арасында жанжал туындаған спорттық турнирдің ұйымдастырушылары да полицияға жеткізілді - деді Қызылорда қалалық ПБ -ның Ақсай Полиция бөлімінің бастығы Нұрбол Бисенбекұлы.
Поделиться
Читать Arbat media в