Қызылордада 2 жастағы баланың асқазанынан алтын білезік шықты
Қызылордада дәрігерлер екі жасар баланың асқазанынан алтын білезік пен сырға алып шықты, деп хабарлайды Arbat.media.
Massaget.kz-тің жазуынша, баланың анасы зергерлік бұйымдарының жоғалғанын бірден байқамаған. Оларды үйден таппаған соң кішкентай ұлы оларды жұтып қойған болуы мүмкін деп күдіктеніп, ауруханаға барған.
"Баланы эндоскоппен қарадық. Асқазанынан бөгде зат табылды. Ол - алтын бұйымдар болып шықты. Біз оларды алып тастадық", - деді облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирург-эндоскопист дәрігері Серік Нүсіпқожаев.
Дәрігерлердің сөзінше әртүрлі ұсақ заттарды жұтқан балалардың ата-аналары ауруханаға жиі жүгінеді. Көбіне бұл - монеталар, тастар, магниттер немесе батареялар. Бірақ алтын зергерлік бұйымдарды жұтып қойған жағдай алғаш рет болып тұр.
"Келесі күні біз 7 жастағы баланың асқазанынан батарейка алып шықтық, ал екіншісінен магнит табылды", - деді дәрігер.
Поделиться
Читать Arbat media в