Новости Казахстана11 июля 2023, 19:52

Қызылорда облысында кене шаққан үшінші адам қайтыс болды

Қызылорда облысында конго-қырым қанды безгегінен тағы бір адам бақилық болды, деп хабарлайды ақпарат агенттігі.

Бұл конго-қырым қанды безгегінен қайтыс болған үшінші адам болып отыр. Шиелі ауданының тұрғынынан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы диагнозы анықталған. Көз жұмғандардың бірі Шиелі ауданынан болса, тағы біреуі жаңақорғандық тұрғын екені анықталды. 

Адамның ауруды жұқтыруы кене шаққан жағдайларда және қанында вирусы бар жануарларды сою кезінде, сондай-ақ науқас адамға күтім жасау кезінде немесе мәйіттің қанымен, ластанған медициналық құралдар арқылы да жұғуы мүмкін. Сондықтан облыс тұрғындарын барынша сақтануға шақырамыз, - деді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Қызылордалық мамандардың айтуынша, бұған қатысты облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп отырған. 

Биыл да кенеге қарсы күрес шаралары жоспарға сәйкес орындалып жатыр. Қазіргі таңда қолайсыз елді мекендердегі тұрғын үй аумақтары мен мал қораларына кенеге қарсы ерітінді қолданылып жатыр. Облыс бойынша көктемгі залалсыздандыру жұмыстарының орташа тиімділік көрсеткіші 97,2 пайызды құрады, - деді Қызылорда облысы әкімі аппаратының "Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы" директорының міндетін атқарушы Бауыржан Садықов.

Қызылорда облысы кене

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!