"Қызметте өсуіне көмектеспедім". Әлібек Қуантыров жауапты қызметке тағайындалған інісі туралы пікір білдірді
"Қазатомөнеркәсіп" компаниясына лауазымды қызмет Ермек Қуантыров тағайындалғаннан кейін оның туған ағасы, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.
Үкіметте өткен жиыннан кейін министр інісінің қызметте өсуіне қатысты өз ойын жеткізді.
Ермектің менің інім екені рас. Алайда оның қызметіне менің ешқандай қатысым жоқ. Ермек қызметке тағайындалу жолында заңды процедуралардың барлығынан өтті. Кезінде Колумбиядағы университетінде білім алды. Кейін президенттік жастар кадрлық резервіне өтті. Ол жерге өту де оңай емес. Оған қатысқан адам ретінде оңай еместігін білемін. Халықаралық құқық, әділет органдарында тәжірибесі мол. Аталған салада 13 жыл қызмет еткен болатын, - деді Әлібек Қуантыров.
Сондай-ақ, министр өзінің інісіне жұмысқа тұру жолдары туралы ұсыныс айтпағанын атады.
Осыдан бір апта бұрын «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры болып Ермек Қуантыров тағайындалған еді.