Новости Казахстана6 марта 2023, 21:56

"Қызмет етемін". Ермахан Ыбрайымов депутат болудан үмітті екенін атады

Сидней Олимпидасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов Алматы қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде үгіт-насихат жалғастыруда, деп хабарлайды Arbat.media

Алматы қалалық мәслихатының өткен шақырылымдағы депутаты болған спортшы алдағы сайлауда да бақ сынамақ. Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұған дейін жазба жариялаған еді. 

Алдағы 19 наурызда өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлау кезінде, мені "AMANAT" партиясының кандидаты ретінде сайлауға ұсынды. Осындай жауапкершілікті артып, жылдар бойы атқарған қызметімді елеп ескеріп, болашақта жалғастыратыныма қуаныштымын. Халқыма әрқашанда адал ниетпен елге қызмет етуге дайынмын, - деген болатын Ермахан Ибраимов.  

Arbat.media тілшісі Ермахан Ыбрайымовқа арнайы хабарласқан болатын. Алайда спортшы үгіт-насихат жұмысына қатысты сұхбат беруге болмайтынын желеу етіп, пікір білдірмеді. 

Ермахан Ыбрайымов өткен сайлаудан кейін басы дауға қалған еді. Ол  2021 жылдың 10 қаңтарда Алматыда әділ сайлауды талап еткен белсенділермен кикілжіңге барып, шулы оқиға ушыға түскен болатын. Кейін спортшы алаңдағы адамдармен арада болған әрекетіне қатысты сұхбат беріп, өзінің саясатқа енді келіп жатқанын, аңғалдықтан осындай жағдайға тап болғанын айтып ақталды. 

Ермахан Ыбрайымов Атланта Олимпиадасында қола медаль иеленсе, Сиднейдегі сында чемпион атанған. Сонымен бірге, бокстан әлем чемпионаттарында күміс және қола жүлде еншіледі. 1998 жылы Банконгте өткен Азия Ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы. 

Ермахан Ыбрайымов бокс Мәслихат сайлау

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!